Атырау облыстық үдемелі индустриялық даму жөніндегі аймақтық үйлестіру кеңесі «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 3 жобаны мақұлдады.
«Ерпанаева Т.А.» ЖК жалпы құны 8,2 млн теңге болатын негізгі құралдарды сатып алмақшы («Нұрбанк» қаржыландырады); жүк тасымалдау қызметін көрсететін «Ырсай» ЖК 9,8 млн теңгеге экскаватор-тиегіш алмақ (АзияКредитБанк); «Atakent Product Transkom» ЖШС 2 млрд 194 млн теңгеге теміржол тұйығын салатын болды (АТФБанк). Бұдан басқа, «Atakent Product Transkom» ЖШС-не жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен жергі-лікті жұмысшы кадрларды тарту туралы меморандумға қол қоюға ұсыныс жасалды.
Таяуда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына енген жаңалықты түсіндіру үшін Атырауға «Даму» қорының басқарушы директоры Ғабит ЛЕСБЕКОВ келген еді. Мұндағы басты мәселелердің бірі: енді жобаларды экономикалық даму және сауда министрлігіне мақұлдатудың қажеті жоқ, енді аймақтық үйлестіру кеңестері соңғы инстанция болмақ.
Өткен жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша біздің облысымызда 32 жоба мақұлданған болатын.
Зульфия ИСКАЛИЕВА