Атырау, 24 қараша 08:26
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Көпірге тұрбалар тартылады

1 729 просмотра

«Атырау жылу желілері» АҚ жаңа басшысы Нұрадин ШАМШАТОВ Атырауға Жамбыл облысынан келгенімен, 2002-2005 жылдары «Атырау жылу желілері» АҚ вице-президенті міндетін атқарған. Біз оған бірнеше сауалдар қойған едік.

- Өзімнің бұл жерде бөтен адам емес екендігімді айтуға тиіспін, сондықтан да істің мән-жайына қанықпын деуге болады. Қыс айлары жалпы алғанда қалыпты өтті деуге болады, магистралды және бөліп таратқыш жылу желілерінде апаттар мен істен шығып қалу фактілері болған жоқ. Жылумен қамтамасыз ету температуралық кестеге сәйкес жүзеге асырылды.

Кейбір тұрғын үйлерде ішкі үйлік желілердің ақаулығынан жылумен қамтуда үзілістер орын алды, дегенмен олар дер кезінде жойылып отырды. Ондай үзілістер саны – 51. Қалалық ТКШ бөлімінің апат бригадасы ондай жағдайларда жылуды дереу іске қоса білді. Біздің кәсіпорынның кінәсінен жылумен қамтамасыз етуде ешқандай үзілістер орын алған жоқ.

Дұрыс жылытпау бойынша бірнеше шағымдар болды. Олардың барлығы 3 күн ішінде абоненттің мекен-жайына барып тексеру жүргізу  арқылы қаралып отырды. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ПИК-не ұйғарымдар жолданды. Жылудың дұрыс жылынбауына көбіне үйлердегі жылыту сызбасының өзгеруі, вентильдердің ақаулығы себеп болды.

- Маусым аралық жоспарларыңыз қандай?

- Биылғы жылы біз 2 шақырым магистральды, шамамен 33 шақырым кварталдық тұрбаларды ауыстырамыз және 40 шақырымдай жылуды оқшаулау жұмыстары, 9 жылу қосынын жөндейміз. Бізге сенімді басқаруға берілген желілердің 9,5 шақырымын  қайта жөндейтін боламыз.

- Жылу тарифтері көтеріле ме?

- Жылу энергиясын беру және тасымалдаудың  қазіргі қолданыстағы орташа мерзімді тарифі өткен жылдың 1 қазанында енгізілген болатын, енді ол 2014 жылдың 1 қазанына дейін қолданылатын болады.

- Қалалық жылу желісіне Балықшы поселкесін қосу барысындағы жоспарлар қандай?

- Балықшы поселкесін орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету желісіне қосу мәселесі қалалық әкімдікте қаралуда. Бүгінгі күні жобалау жұмыстары жүргізілуде.

- Орталық автокөпірдің ішкі тұрбаларын ауыстыру жөнінде қандай жоспарларыңыз бар?

- Орталық көпір тіреулеріндегі диаметрі 400 мм 2 магистралды жылу желісінің құрылысы қазір жүргізіліп жатыр. Жұмысты 2013 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ, суретті түсірген Қанат  ЕЛЕУОВ

18 сәуір 2012, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.