Атырау, 4 қазан 07:16
 ашықВ Атырау +24
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Кімге тегін жөндеу керек?

1 884 просмотра

Атырауда терможаңғырту бағдарламасының аясында көппәтерлік үйлерді жөндеу жұмыстарын жүргізу  екінші жылға аяқ басты. Жөндеуге ақшаны мемлекет бөліп отыр  және ол қаржыны тұрғындар 10 жыл ішінде қайтарып беруге тиісті. Аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үй көмегі қарастырылған. 

Қалалық әкімдікте жақында ғана өткен мәжілісте тұрғын үй көмегі үшін берілетін ақшаның қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне түскендігі, бірақ оның әлі күнге қозғалыссыз жатқандығы анықталды.

-  Бұл  35 млн теңгеден жоғары соманы біз сәуірде кондоминиум есепшотына аударуымыз керек. Бірақ,  оларды бөлу механизмі жоқ,  - деп мәлімдеді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Нұрлы ХАБИЕВА. – Сондықтан да бұл қаржыны игеруді мамыр айына өзгертуді сұраймыз.

Бұған облыстық  энергетика және ТКШ басқармасының өкілі оның механизмі болуы керек деп мәлімдеді және олар оны ұсынбақшы. Алайда, мәселе тек тұрғын үй көмегін игеруде ғана емес. Қалалық ТКШ бөлімінің мәліметтері бойынша, өткен жылы терможаңғырту бағдарламасына енгізілген 17 үйдің тек үшеуінде ғана жөндеу жұмыстары аяқталған. Барлық тұрғындармен бірдей келісім-шарттарға қол қойылмаған. Оның себебін Атырау қаласы ТКШ бөлімі бастығының орынбасары Серікбай ҚАЗИЕВ түсіндіруге тырысты:

– Өткен жылы бізге қаржыны тамыз айының аяғында аударды. Тендер өткенше қыс басталды. Және қыс өте қатты болды. Үйлерді тапсыру мерзімі мамыр айының аяғына жоспарланған, алайда, мердігерлер үлгере алмай жатыр. Ал, аяқталмаған үйлерді біз қабылдай алмаймыз. Оның керегі не? Тек тұрғын үй көмегін уақытында игеру үшін біз ондай қадамға бара алмаймыз.

Биылғы жылы сол оқиғалар қайта қайталануда, екінші механизмді қаржыландыру (500 млн теңге)  тағы да тамыз айына көзделіп отыр. Біз тағы да ештеңеге үлгермей қаламыз. Жақында ғана  мен Жайсановта болдым (облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бастығы- Л.С.) бұл мерзімді ертерек алға қарай жылжытайық дедім, сонда біз тұрғын үй көмегін игеруге де жөндеу жұмыстарын аяқтауға да үлгеріп қаламыз. Қыста қайдағы жөндеу? Бұл тұрғындардың өз ақшасы, ертең олар бізден неліктен аяқталмаған үйді қабылдап аласыңдар деп сұрайды. Оның бәрі бағдарламаның дұрыс жасақталмағандығынан, әлі де шикі екендігін көрсетіп отыр.

«Атырау» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары (терможаңғырту операторы) Абат ТАСИМОВ өз проблемаларымен бөлісті:

- Біз 120 млн теңгеге барлығы 368 пәтерлік 5 үйді  жөндеуден өткіздік. Қазір тұрғындармен келісім-шартқа отырып жатырмыз. Алайда, бізде кімге көмектің берілетіндігі жөнінде мәлімет жоқ. Біз мәліметтерді атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпараттары бар әділет басқармасынан аламыз. Және тағы бір айта кететін жайт, үйлердің жөндеу жұмыстарына түрлі сомадағы қаржылар бөлінеді және жұмыс құны да түрліше. Нәтижесінде түрлі үйлердегі бір шаршы метрдің жөндеу жұмысының құны арасында айырмашылық байқалады, ол 32 теңгеден 107 теңге аралығында болады. Бұл мәжілісте барлық өзекті деген мәселелерді шешу мүмкін болмады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

18 сәуір 2012, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.