Атырау, 24 қараша 08:55
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Төлем және инфляция

2 825 просмотра

Облыстық әкімдік екі жыл қатарынан отандық алақол жер қойнауын пайдаланушылармен келісім-шарттарды бұзамыз деп қорқытып келеді.  Алайда, одан түкте шыққан жоқ: пайдалы қазбалары бар бірегей кен орындары Атырау облысында игерілмейді, ал, жыл сайынғы бюджетке төленетін келісім-шарттар аясындағы әлеуметтік төлемдер 200-ден 2 000 долларға дейінгі болмашы ғана соманы құрайды.

Мәжілісте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Ербол ҚУАНОВ былай деп хабарлады, кең тараған пайдалы қазбалар бойынша 23 жер қойнауын пайдаланушылармен жасалған 45 келісім-шарт бар, оның ішінде 10-ы «Атырау» ӘКК-мен жасалған.

11 келісім-шарт бойынша5 кәсіпорын өз міндеттерін 30% дейінгі көлемде орындады. Олар: «Атырау» ӘКК,  «Феникс Иса» ЖШС,  «Мағауия» ЖШС, «Индер-Цемент» ЖШС,  «Каспий Салт» ЖШС. «Үш Есен» ЖШС , «Еркор» ЖШС, «Карьертау» ЖШС,  «Адани» ЖШС,  «Консалтинг-Недра» ЖШС, «Потенциал Ойл» ЖШС-дегі жағдайлар барынша жақсы.

– Бүгінгі күні жер қойнауын пайдаланушылармен 2000-2004 жылдары жасалған келісім-шарттар  бойынша инфляция жыл сайынғы әлеуметтік төлемдерді «жеп» қойды. Мәселен, айталық, «Үш Есен» ЖШС,  «Мир-Строй ЛТД» ЖШС,  «ТҰЗ» ЖШС  жылына 200 доллардан, ал, «Консалтинг-Недра» ЖШС – 1 000 доллар аударады. 2005-2009 жылдары жасалған келісім-шарттар бойынша  «Каспий Салт» ЖШС  $834, «Потенциал Ойл» ЖШС – $700,  «Мағауия» ЖШС  – $800, «Атырауинжстрой» ЖШС  – $2 000 төлейді, – деп қосып қойды Қуанов.

Ол келісім-шарттардың міндеттерін  арттыру мақсатында қайта қарауды ұсынды. Жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан қарсылықтар болған жоқ. Оның үстіне олар келісім-шарттағы жерлер бойынша өндірістік қызметті бастауға уәде берді. Алайда, олардың уәдесі бірінші рет беріліп отырған жоқ.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

18 сәуір 2012, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.