Атырау, 24 қараша 08:57
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

“Қызықтың көкесі” Томарлыда

1 627 просмотра

Сенбі, 7 сәуір күні Томарлы селосындағы пошта бөлімшесі тоналды. Алайда, қарақшылар ақша орнына... бланкілерді әкетіпті.

Облыстың ІІД баспасөз орталығының жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА былай деді:

- Сұрғылт түсті БМВ мінген тонаушылар Қазпошта бөлім-шесіне 1,2 млн теңге көлемінде ақша әкелген инкассатор машинасы кеткен соң бір-екі минутта келген. Демперде киген екеу үндерін шығармастан пошта қызметкерлеріне тапанша кезеп, әкелінген қаптарды алып, жасырынып үлгерген.

Бұл қылмыстың өрескел әрі күлкілі жері сонда, ұрылар ақшаның орнына түрлі құжаттардың бланкілерін (ақша да, бланкілер де кенеп қаптармен әкелінеді, қылмыскерлер оларды шатастырып алған) алып кетіпті. 

- Көрген адамдар тапаншаның шын тапанша емес екендігін  айтып отыр, – дейді Мұхтарова.

Мемлекет пен адамдарға келтірілген шағын шығынға қарамастан, қылмысқа барынша маңыз беріліп, тергеу ісі жүріп жатыр.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

12 сәуір 2012, 00:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.