Атырау, 11 қазан 08:09
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Бір көлікке – қырық қап

1 725 просмотра

4 сәуірде қалалық әкімдікте болған кеңесте тұрақтандыру қорының бас операторы - «Атырау ӘКК» ҰК АҚ мен оған еншілес «Атырау Агросервис» ЖШС білім беру және денсаулық сақтау мекемелеріне азық-түліктер жеткізетін 50 кәсіпкермен жасалған меморандумға қол қойды. Осы құжатқа сәйкес, таяу уақытта қала мектептерінің асханалары мен ауруханаларына төменгі бағамен азық-түліктер партиясы жеткізілетін болады.

Әңгіме бағаларды тұрақтандыру бағдарламасы аясында сатып алынған, бір бөлігі аудандарға жіберілудің орнына қоймалар мен көкөніс сақтау орындарында жатып қалған азық-түліктер жайында болып отыр. Облыстық әкімдікте таяуда болған кеңестердің бірінде аудан әкімдері мен операторлардың өздері осыған қатысты қоймалар мен сол жерге азық-түліктерді жеткізу үшін көліктердің жоқтығына шағымданған болатын. Сол кезде облыс әкімнің орынбасары Мереке ЕСМҰРАТОВ Атырау қаласының жаңа әкімі Асқар КЕРІМОВКЕ әлеуметтік маңыздағы қала нысандарына «өтімсіз затты» төменгі үстеме бағамен жіберуді ұсынды.

Енді қазіргі меморандумға сәйкес осылай жасалмақ.

Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Қадырғали ТҰРҒАНОВТЫҢ айтуынша, бүгінде тұрақтандыру қорында азық-түліктердің айлық қоры бар: картоп – 1249, 6 тонна, орамжапырақ - 201 т, сәбіз -160 т., пияз - 50 т,  1 - сұрыпты ұн - 128 т, өсімдік майы - 150,7 т, қант - 1668 т, сүт - 1560 литр, макарон өнімдері -  80 т, сары май -120 т, жұмыртқа - 1 530 500 дана.   

Облыстық әкімдік азық-түліктерді төмендетілген бағамен сататын 13 сауда нүктесін 20-ға дейін көбейтуді ұсынды, алайда Қ. Тұрғановтың айтуынша, «Атырау Агросервис» ЖШС-де қала маңындағы және селолық  5 округтегі қосымша мақұлданған  нүктелерге азық-түліктерді жеткізу үшін көліктер жетіспейді екен. Айтпақшы, осы проблема туралы біздің газетімізге ЖШС директоры Асқар БИСЕНОВ осыдан тура екі ай бұрын айтқан болатын («Мен үлгермеймін, менде тек бір Газель ғана бар» деген еді сол кезде). Содан бері ештеңе өзгермеген. Қызық.

- Ет бағасын ұстап тұруға келер болсақ, «Атырау» ӘКК-на бөлінген қаржыға 10 тонна сиыр еті сатып алынды. Ол қазір қала базарларында 950-970 теңгеден сатылуда. Сұраныстың көптігіне байланысты қазір тағы 18 тоннаны сатып алу туралы келісім бар, - деп хабарлады Тұрғанов.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

12 сәуір 2012, 00:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.