Атырау, 24 қараша 08:10
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жаңа медианың мүмкіндіктері

2 189 просмотра

Таяуда «КаР-Тел» ЖШС-ының (Қазақстандағы Beeline сауда белгісі) ұйымдастыруымен батыс аймақтың БАҚ өкілдері үшін  «Журналистік тәжірибеде жаңа медиаларды пайдалану» атты семинар-тренинг өтті.

Семинар барысында журналистер жаңа медиа жайлы өз білімдерін тереңдетіп, жеке блогтар жасап, блог интерфейстерін басқару дағдыларын, сонымен қатар, аудио және бейнежазбалар жариялау әдістерін меңгерді. Тәжірибелік сабақтарда Батыс қазақстан газеттерінің сайттарына шолу жасалып, сондай-ақ, журналистер өз басылымдарының әлеуметтік желілері арқылы даму мүмкіндіктерімен таныса алды.

- Жаңа медиалардың мүмкіндіктерін меңгеру, әсіресе қазақтілді БАҚ өкілдеріне қажет, - деп атап өтті «Мінбер» қоғамдық қорының өкілі, семинар жаттықтырушысы Бақытгүл САЛЫХОВА.

- Бүгінде телекоммуникациялық қызметтердің дамуы, сонымен қатар,  3G  желісі қамту  аумағының кеңейтілу  барысында, қазақстандықтар  Wi-Fi немесе Интернеттің стационарлық нүктесімен  шектеліп  отырған жоқ. Журналистер   оқиға болған жерден «қызу» репортажтар  жасап, ғаламторға жаңалықтарды шұғыл  орналастыруға мүмкіндік алды. Журналистердің  жаңа медианың мүмкіндіктерімен танысуы қазақ тіліндегі контентті дамытуына  ықпалын тигізеді», -  дейді «КаР-Тел»  ЖШС-ының PR менеджері Анар Жұмағұлова.

Ақтөбеде өткен тренинг - қазақтілді БАҚ өкілдері үшін мемлекеттік тілде өткізілген екінші жоба.

Бағила САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ

12 сәуір 2012, 00:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.