Атырау, 5 қазан 15:18
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Дәліздегі кезек қайда?

1 507 просмотра

Қалалық №1 емхана пациенттеріне интернет арқылы қабылдауға жазылуға мүмкіндік пайда болды, енді емхананың өз сайты бар.

www.1poliklinika.kz сайтын іске қосқан кезде өз алдымызға қойған  міндеттердің бірі – мекеме дәлізіндегі кезекті жою болатын. Пациент сайтқа орналастырылған арнайы форманы толтырып, қабылдауға жазыла алады, – дейді №1 емхананың бас дәрігері Еркінбай ҚУАНОВ. – Бұл өте қолайлы. Пациенттер алдын ала жазылып, тағайындалған уақытта оларды дәрігерлер кезексіз қабылдайды.

Сайтта қабылдау кестесі, ақылы қызметтердің баға көрсеткіші, шағымдар мен ұсыныстар кітабы орналастырылған. Кешікпей, бас дәрігердің блогы іске қосылады, тікелей сұрақтар мен ескертпелерді жолдауға болады.

Таяу уақыттарда №5 қалалық емхананың да өз сайты пайда болмақ.

Тамара СУХОМЛИНОВА

12 сәуір 2012, 00:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.