Атырау, 23 қараша 22:58
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жүргіншілер тығырыққа тірелуде

1 758 просмотра

2010 жылы аллеялар, жаяу жүргінші жолын салуға арналып Индер ауданына  56 млн. теңге бөлінген болатын.  Игерілмеген қаржы облыстық бюджеттің қоржынына кері түскен  еді.

Зардабын индерлік тұрғындар әлі тартып келеді. Көктемдегі лайсаң күндері тұрғындар машиналармен жарысып жү-рулеріне тура келеді. Өйткені жаяу жүргінші жолы жоқ. Әсіресе, мектеп оқушыларына өте қиын.

-Балалар жол апатына ұшырап қала ма деп қорқып отырамыз. Төменгі сынып оқушыларын өздері әкеліп тастауларын өтініп жатамыз, - дейді Ш. Уалиханов атындағы мектептің мұғалімдері.

Индер ауданы әкімінің орынбасары Алифолла БАЛАХМЕТОВТЫҢ айтуыншасметалық құжаты жасақталып, жаяу жүргінші жолына 50 млн. теңге қаржы сұралып отырғанымен, әзірге  дыбыс жоқ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

11 сәуір 2012, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.