Атырау, 7 қазан 09:12
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

ЕСКІ БАЛКОННЫҢ ӘЛЕГІ

1 864 просмотра

Балықшыдағы Құнанбаев көшесі, №10 үйдің тұрғындары апат қай жақтан келеді деп күтумен жүр. Төртінші қабатта орналасқан апатты балкон жүргіншілер мен сол жерде жүрген балалардың басына түсу қаупін төндіріп тұр.

29-пәтердің тұрғыны мен балкон қожайыны Қайнар ҒҰБАШЕВ күнде таңертең сор болған «лоджиясы» қалай екен деп,  терезесіне көз тастайды. Оның астыңғы қабатында тұратын тұрғындар өз балкондарына шығуға тәуекел етпейді...

– Артық жүк баспас үшін ол жерден барлық заттарды алып тастадым. Басқа не істей аламын? – дейді Ғұбашев. – Үй ескі, 10 жыл бұрын көрші подъездегі үшінші қабаттың балконы құлап түсті. Бақтарына қарай, сол кезде ешкім жапа шеккен жоқ.

Қайнар ПИК-тің жоқ екендігі туралы Балықшы поселкелік округінің әкіміне шағымданған. Алайда әкім өз күштеріңмен проблеманы шешіп алыңдар дегенді айтыпты.

– Қуана шешер едім, - дейді Қайнар. – Бірақ қалай? Ешкім  менің балконымды қайтадан жасап бермейді ғой. Демек, оны бұзып тастау керек, мен бәрібір оны пайдаланбаймын. Бірақ мұнымен кім айналысады?

Қалыптасқан ахуал туралы біз қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАҒА әңгімеледік. Ол өз кезегінде қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВҚА хабарласты:

– Біз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы Жұмабай ҚАРАҒАЕВҚА аталмыш мекен-жай бойынша жағдайды анықтауға тапсырма бердік, - деген әкім орынбасарының сөзін жеткізді Н. Қайсағалиева. – Иә, балконға қатысты жағдай шынымен де қиын екен. Оны шұғыл арада бұзып тастау керек. Жалпы, тұрғындар бұл проблеманы алдын ала ПИК құрып, өздері шешуі тиіс еді. Бірақ  ПИК болмағандықтан, біз Балықшы поселкелік округінің әкімі Рамазан ІЗДЕБАЕВҚА осы мәселені шешуге тапсырма бердік.

Анастасия ПАСТУХОВА,

суретті түсірген автор

11 сәуір 2012, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.