Атырау, 24 қараша 07:46
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

15 күн бір жылға азық бола ма?

1 850 просмотра

Балық аулаушы артельдердің кәсіпшілік маусымы өзендегі  мұз кеткеннен бастап 25 сәуірге дейінгі кезеңге белгіленді. 

Жайық өзенінде мұз толығымен 1 сәуірде кетіп болды, балық аулау артельдері сол күннен бастап балық аулауға кірісті. Биылғы жылы қара балықты аулаудың жалпы лимиті 10 432 тоннаны құрайды. Балық аулаған әрбір 5 күн 3 күнгі демалыспен алмасуға тиісті. 24 сәуір демалыс күнге келетіндіктен, бұл балық аулау маусымында  атыраулық балықшылардың бар-жоғы 15 кәсіпшілік күні бар.

Екі бекіре балығын өсіретін зауыттар – Еркінқала және Дамбы бекіре тұқымдастарды – Төменгі Пешной сағасының жағалауы бойынан аулауға құқық алды. Зауыт басшылары 12 сағаттан кезектесе отырып аулауға келісті. Оларда бар-жоғы бір ғана балық звеносы, сондықтан да зауыттар балық артельдерінен көмек сұрауы мүмкін. Төменгі-Пешнойдан балық аулауға ниет білдірушілер баршылық. Балықшылар қызыл балықты зауытқа тапсырады, ал қара балықты өздерінде қалдырады.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық  шаруашылығы инспекциясының бастығы Амантай АЙЖІГІТОВТІҢ (суретте) айтуынша, барынша жоғары  лимиттерді «АтырауАгроСервис» ЖШС мен «Амангелді» ӨК алып отыр. Өйткені, олар балық зауыттарына шабақтарды өсіру өндірісіне айтарлықтай ақша аударған екен. Және тағы бір себеп балық аулау құралдары мен жүзу құралдарының жеткілікті болуы.

- Биылғы жылы лимит өткен жылғы деңгейде қалды, - дейді Амантай Айжігітов. – Жайықта мөңке балықтың көбеюіне байланысты тек сол балықты аулау лимиті ғана көбейтілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ,

суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

11 сәуір 2012, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.