Атырау, 24 қараша 07:24
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Шөпке өрт тиді

2 367 просмотра

Облыстың  картасында тағы бір дала өртінің салдарынан пайда болған «тесік» бейнеленді.

ТЖМ баспасөз қызметі: 6 сәуірде сағат 18.35-те  Құрманғазы ауданының Сафоновка селосынан 5 шақырым жердегі  (Ресеймен шекарада) «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» Құрманғазы ММ-де өрт болды. Өрт сөндірілгенге дейінгі жарты сағат ішінде 170 гектардай алқап жанып кетті (есептеп көріңіз: 1 шақырымға 1,7 шақырым алаң – М.С.). Өртті сөндіруге Құрманғазы орман шаруашылығы мен «Каспий балық» ӨК-нің 51 қызметкері және 4 моторлы сорғыш жұмылдырылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

 

"АЖ" АНЫҚТАМАСЫ:

«Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» Атырау ММ-нің арықтарды есепке алмағандағы қорғау айлақтары  6,1 мың  гектарды құрайды. «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» Индер ММ оған қарағанда – 6,4 мың гектарға артық. Құрманғазы мемлекеттік мекемесі ең кіші болып есептеледі – 1,7 мың  га (осылайша бір өрттің салдарынан алқаптың оннан бір бөлігі жанып кетті). ТЖМ Құрманғазы ММ-нің басшылығына өрт қаупінің бар екендігі бірнеше рет ескертілгендігін хабарлады. Тексеру кезінде мемлекеттік мекемеде өрт сөндіру жеңдері жетіспеген, ал қолда барлары ескі болып шыққан. Сондай-ақ, қурап кеткен шөптерді шабумен ешкім де айналыспаған.

11 сәуір 2012, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.