Атырау, 24 қараша 07:44
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АЛЛО, ТЫҢДАП ТҰРМЫЗ!

1 668 просмотра

Үстіміздегі жылы облыстық телекоммуникация дирекциясының  5,7 мың абоненті  оптикалық-талшықты  (FTTH)  желі бойынша сапалы байланысқа қол жеткізіп отыр.

Облыстық телекоммуникация дирекциясыхабарлағандай,  өткен жылы оптикалық-талшықты байланыс желісімен Атырау қаласындағы  13,5 мың  пәтер және  500 жеке үйлер, сондай-ақ, Құлсары мен Жаңа Қаратондағы 450 үй қамтамасыз етілді.

2012 жылы FTTH байланыс желісімен   Көктем поселкесінен (700 үй), Балауса (700 үй), Тасқала-2 (500 үй), Махамбет, Абай, Сәтбаев, Азаттық көшелерінен  және Алмагүл, Привокзальный, Орталық, Сарыарқа мөлтек аудандарындағы бірқатар үйлер, сондай-ақ, барлық жаңа көппәтерлік үйлерден барлығы –  255 үйді қамту жоспарлануда. Бұдан басқа, FTTH желісіне облыс орталығындағы  45 мектепті қосу  көзделіп отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 сәуір 2012, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.