Атырау, 24 қараша 07:54
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Құнды ақпараттар кімге керек болды?

2 225 просмотра

Мұнай-газ құрал-жабдықтарын жеткізу және жөндеумен айналысатын компанияның кеңсесінен маңызды құжаттар сақталған компьютер мен ноутбуктерді ұрлап кеткен.

Облыстың  ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ  айтуынша, ұрлық 26 наурыз күні түнде     орын алған. Тонаушылар кеңсеге бірінші қабаттағы  пластикалық терезе арқылы кіріп, үш ноутбукті, компьютер, принтер, телефонды қолды қылған. ҚР ҚК 175-ші бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс көтерілді. Тергеу ісімен қалалық №2 полиция бөлімшесі айналысып жатыр.

Ұрланған ЖШС басшысы ұрлық таңға қарай орын алған деп жорамалдап отыр:

-Олай болмаса, тонаушылардың ешкімнің көзіне түспеуін қалай түсінуге болады. Ұрылар кірген терезе үнемі халық көп жүретін орталық көше жақта. Олардың екі адам болғандығы анық, өйткені, тағы бір генератор қолды болған. Ал, оны бір адамның көтеріп кетуі мүмкін емес. Бір қызығы, олар біздің өнімдерімізді; аккумуляторларды, майларды, сүзгіштерді және басқа да көрме сөрелеріне қойылған тауарларды алмаған. Ал, маңызды құжаттар сақталған компьютер мен ноутбуктерді және радио телефонды алып кеткен. Дерекқорда сақталған маңызды құжаттардың ішінде біздің соңғы 5 жылдағы зерттеу жұмыстарымыздың нәтижелері де бар болатын. Барлық маңызды деген құжаттар жоғалды деп айтуға болады. Ал, телефонда  біздің барлық клиенттеріміздің мәліметтері бар еді. Біз мұның бәрінің кімге қажет болғандығын білмейміз. Криминалистермен әңгімелескенде олар саусақ іздерін алған кезде терезеде 8 түрлі саусақ таңбасының қалғандығын айтты. Алайда, олар біздің саусақ таңбаларымызды алған жоқ, ал, ол таңбалар  міндетті түрде болуы тиіс, өйткені біз терезені үнемі ашып-жауып отырамыз.

Тергеу бөлімінң бастығы Руфат ЖҰМАҒАЛИЕВ бізге әзірге күдіктілер жоқ деп хабарлады.

Сауле ТАСБОЛАТОВА

5 сәуір 2012, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.