Атырау, 28 қараша 07:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Оңтүстіктен келген керуен

1 814 просмотра

Қаладағы ЖШС-тердің бірі Өзбекстаннан ешқандай рұқсат берілген құжатсыз еліміздің аумағына техникалық метанол тиелген 4 вагонды әкелген.

– 2012 жылдың 26 наурызында жүргізілген сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, метанолдың улы заттардың санатына жататындығы анықталды. Үкімет қаулысына сәйкес, бұл тауар лицензиялауға жатады. Сондай-ақ, метанол Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің үшінші елдерге қатысты сауда аясында КО қатысушы мемлекеттерден әкету немесе әкелуге шектеу қою не болмаса тыйым салу қолданылатын бірыңғай тауарлар  тізбесіне енгізілген,– деп хабарлайды бізге Атырау облысы бойынша кедендік бақылау департаменті баспасөз қызметінің өкілі Жанар БАЙҒАЛИЕВА.

30 наурызда бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 сәуір 2012, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.