Атырау, 24 қараша 07:44
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Браконьерді тікұшақпен «аулайды»

1 969 просмотра

30 наурызда облыстық прокуратура браконьерлікпен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесін өткізді.

Өткен жылыжергілікті құқық қорғау органдары балық ресурстарын заңсыз аулауға байланысты 241 қылмысты тіркеді. 124 тонна балық және балық өнімдері, 5 400-ден аса балық аулау құралдары және 200 жүзу және көлік құралдары  тәркіленді.

Атырауда 2 астыртын цех анықталып, олардан 3 тонна қара балық пен шамамен 3 центнердей бекіре тұқымдас балықтар табылды. Цех қожайыны  балықтың барлығын қақтауға дайындаған екен.

Браконьерлікпен ҰҚКД барынша белсенді күресе білді: олар 2 центнер қызыл балық және 25,3 келі қара уылдырықты тәркіледі.

Биылғы жылы балық қорларын қорғауға құқық қорғау органдарының жалпы саны 350 қызметкері жұмылдырылды. Бұдан басқа, әскери кораблдер мен тікұшақтар да тартылып отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 сәуір 2012, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.