Атырау, 24 қараша 08:12
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бағалар әлі бекітілген жоқ

1 714 просмотра

Сәуір де келіп қалды, ал жанар-жағармайға шектеулі бөлшек бағалары әлі бекітілген жоқ. Шамасы, Мұнай және газ министрлігі бағаны көтеру керек пе, жоқ па, әлі бір шешімге келе алмағанға ұқсайды.

Дүйсенбі күні, 2 сәуірде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасындағылар министрліктің сәуір айының шектеулі бағаларын әлі белгілемегенін хабарлады. Сондықтан бүгінде наурыз айының бағалары күшінде тұр: Аи-80 – 86 теңге, Аи-93 – 106 теңге, дизель отыны – 90 теңге.

Естеріңізге салсақ, жанар-жағармайдың «халықтық» деп аталатын маркаларының шектік бағасын ай сайын мұнай және газ министрлігі бекітіп отырады.

Соған сәйкес, мұнай өнімдерінің бағалары дүниежүзілік баға белгілеу бойынша мұнай мен мұнай өнімдерінің құны, сондай-ақ ресейлік фактор ескерілетін болады. Жалпы, бәрі де сәуір айында шектік бағалар (ұзақ уақыт ішінде алғаш рет) өседі дегенге саятын еді.

Алайда облыстық әкімдіктегілер 15 наурызда шыққан сәуірдегі бағаларды нақтылау жөніндегі хаттамадан басқа ештеңе алмаған.

– Хаттамада жаңа ереженің бір тармағына сілтеп отыр, бірақ нақты бағалар көрсе-тілмеген. Біз мұнай және газ министрлігіне қоңырау шалдық. Ондағылар бағаларға қатысты әлі ештеңе анықталмағанын айтты, - деп хабарлады облыстық әкімдіктегілер.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

5 сәуір 2012, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.