Атырау, 26 желтоқсан 23:26
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Авангардты қоқыс басты

1 658 просмотра

Қалалық әкімдікте болған таяудағы мәжілісте қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВ ПИК қызметкерлерін тек жұмыс күндері ғана емес, демалыс күндері де жұмыс істеуге шақырды.

Ол өзінің жаңа ғана қаладағы санитарлық тазалық екі айлығының жүру барысымен танысып шыққандығын айтты. Айтпақшы, осы мәселеге қатысты алғашқы өткізілген отырыс жөніндегі бізде жарық көрген мақаладан («ЖС» №10, 8.03.12. – «Қоқыс та қордалы мәселе») соң қалалық әкімдікке прокуратурадан мақалада аталған фактілер бойынша шара алуды талап еткен хат түскен. Қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА  бүгінгі күні 12 самса сататын заңсыз орнатылған дүңгіршектердің жұмысы тоқтатылғандығын хабарлады.

Нұрлығожиевке Авангард мөлтек ауданындағы тұрғын үй массивтеріндегі көргендері көңіліне жақпады:

– Менің байқауымша, ондағы екі-үш ПИК мүлдем жұмыс жасамайтындығы көрініп тұр. Аулаларда қоқыстар шашылып жатыр. Ал, демалыс күндері ПИК-де жұмыстан ешкімді таба алмайсың.

Ол жуық арада жертөлелерді кептіретін 10 вакуумның, дөңгелекті бірнеше қоқыс салатын контейнерлер сатып алынатындығын хабарлады. Сондай-ақ, 200 қоқыс алаңының салынатынын айтты. Айлық кезеңінде ПИК арасында дәстүрлі «Таза аула» байқауы өтіп отырады.

Ол сондай-ақ, барлық ПИК-не иесіз қалған желілерден құтылуға кеңес берді.

– Бұл сіздер ойлағандай аса қиын шаруа емес. Ол үшін БТИ-ге барып, құжаттарыңыз рәсімделгеннен соң желілерді жылу берушілердің немесе «Атырау-Жарықтың» балансына  берулеріңізге болады. Ал, бұл өздеріңіз үшін қолайлы болмақ.  

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

5 сәуір 2012, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.