Атырау, 24 қараша 07:46
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Құбылмалы бағалар

2 785 просмотра

Он дана жұмыртқаның бағасы 260 теңгеге дейін көтерілді. Алайда, оны таяуда болатын православиялық Пасха мерекесіне қатысты қымбаттады деп түсінсек, қалған азық-түліктердің  де неліктен қымбаттағаны тіптен, түсініксіз болып қалды. 

-Ең жоғарғы үстеме баға спирттік сусындарға – 20%,  азық-түлік өнімдеріне біз 15% ғана қосылды дейді бізге жеткізушілер. Оның үстіне бағаны бізге ұстап тұруға тура келеді, өйткені, біздің қасымызда бірнеше супермаркеттер бар, - деп әңгімелейді Авангард мөлтек ауданындағы шағын азық-түлік дүкенінің иесі Ақзере апа. – Сатып алушы 15-20 теңге үшін көрші орналасқан супермаркетке барып, кезекке тұруға ерінеді. Азық-түлікті жеткі-зушілердің өздері бағаны көтеріп жатса не істей аласың, олар бізге тауықтың сан етін  380 теңгеден береді, жұмыртқаны біз 220 теңгеден аламыз. Сүт және ет өнімдерінің бағасы да өсті. Кейбір тағамдарды күйеуім көтерме базардан өзі барып алып келеді, ондағы баға қазір сауда фирмаларынан  төмен.  Сауда-саттық фирмалары өздерінің сату жөніндегі менеджерлерді ұстау, жүргізушілер мен көлік шығындарының көптігімен ақталады. Базар саудагерлерінен олардың айырмашылығы сол, олар дүкендерге тауарды өздері жеткізіп береді.

Жұмыртқа қазір Еуропада қымбаттады, күнделікті жағдай осындай, пасха мерекесі алдында олардың құны уақытша қымбаттайды, - дейді «Жанэль» ЖШС сату жөніндегі директоры  Арман ҒАЗИЗ.

Тауықтың сан етіне қатысты жағдай барынша түсінікті, оларды әкелу квотасы барлық фирмаларға бірдей берілмеген. Сондықтан да кейбір тауарлардың тапшылығы туындап жатады және оның үстіне квотасы барлар өз талаптарын қоюы мүмкін.

Ал, бөлшек саудадағы ет өнімдері бағасының өсу себебін  ірі жеткізуші фирмалардың өкілдері түсіндіріп беруге қиналып қалды. Олардың айтуынша,  өз асханалары үшін алатын ірі компанияларға Аргентина мен Белоруссиядан келетін  мұздатылып-қатырылған еттердің бағасы өзгермеген. Қазақстандық еттің бағасына алыпсатарлар мен ет сатушылардың бағаға қатысты сөз байласулары әсер етеді деген бір ғана болжам бар.  

Әдетте, біз тауар жеткізушілерден алдағы уақытта бағаның өсетіндігі туралы хабарламаны күні бұрын алып отырамыз. Олар көбіне нақты себептерге айталық, салық салуға, өндірістің жаңа желісіне көшуге байланысты болады. Азық-түлік өнімдерінің қымбаттауы өткен жылы болған еді, - деп әңгімелейді Арман Ғазиз. 

Алайда, барлық кәсіпкерлер бағаның өсуі өткен жазда, жанар-жағар май бағасы көтерілген кезде байқалғандығын айтады. Содан бері қарай олар ақырын ғана, сатып алушыларды үркітіп алмайтындай аз-аздан, аптасына 10-20 теңгеден  қосып,  көтеріп келеді. Мәселен, жұмыртқаның бағасы 1 наурыздан бастап осылайша қосыла отырып, «Идеал» супермаркетінде 180 теңгеден бастап, 230 теңгеге бір-ақ жетті.  

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

5 сәуір 2012, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.