Атырау, 5 қазан 14:48
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«ИНДЕР-КЕЛБЕТ» ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТТЫ

2 193 просмотра

Индербор ауылы қоқыстың астында қалды.  Тендер бойынша ауыл тазалығына жауаптылықты  ұтып алған «Индер –Келбет» ЖШС банкротқа айналды.

Индербор поселкесінің әкімі Бөкенбай НҰРҒАЛИ шамасы келгенше ауылды тазартуға  тырысып жатқанын айтып ақталады.

-Демеушілік көмекпен техникалар алынып, қоқыстардың бірталайы тасылды. Тазалық ісіне ақылы қоғам жұмысының адамдары да тартылған, - дейді  әкім.

Банкрот болудың тарихына  тоқтала кетелік. 2011 жылғы сәуірде бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында қомақты қарызға батқан (1 млн теңге) мемлекеттік мекеме   «Индер-Келбет» ЖШС жеке қолға берілген еді. 4 ай өте Индербор поселкесінде моншаға байланысты жағымсыз оқиға орын алып («АЖ» №36 8.09.2011ж. «Бағы жанбай, жанып кеткен монша») жөндеуден өткен монша 5 күн  істеп өртеніп кеткен еді. Осылайша мемлекеттен бөлініп тасталса да жергілкті билік тарапынан жеке меншікке деген ерекше  ықылас толастамады.  Мәселен, өткен жылы бюджеттен осы монша үшін  3,5 млн. теңге бөлінген еді. Одан соң 33 млн. теңгеге «Индергаз» ЖШС-нің техникасы сатып әперіліп, екі қабатты ғимарат та ұсынылды.  Бұл екі қабатты ғимарат авариялық жағдайда болып шықты, қазір пайдасыздар қатарында.  

- Серіктестіктің мойнында 10 млн. теңге қарыз ілініп тұр. Ал тұрғындардан алатын төлемақы алажағы 1,5 млн. теңге ғана. Жалақы төлей алмаған соң жұмысшылар ақысыз демалысқа жіберілді. Серіктес-тікке сенімгерлік басқаруға берілген техникалар да  солярка жоқтықтан қаңтарылуда. Осы себептен1 наурыздан бастап серіктестік жұмысын тоқтатты-деп мойындайды  «Индер-Келбет» ЖШС-нің директоры Марат БАЙДЕШОВ.

Алайда бұл шынымен банкрот па, жоқ па, оны құзырлы орындар анықтауы тиіс.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 сәуір 2012, 19:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.