Атырау, 4 қазан 15:59
 ашықВ Атырау +16
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Фамилиядан ши шықты

2 156 просмотра

Жылыойлық Нұрлан ТЛЕУОВТІҢ марқұм әкесіне тиесілі құны миллион теңгеден астам «ҚМГ Барлау. Өндіру»АҚ-ның акциясына қатысты соттасқанына жылдан асты.

 

ДАУДЫҢ БАСЫ

2000 жылы  қайтыс болған Сағал ТЛЕУОВ кезінде  224 артықшылықтары бар «ҚМГ Барлау Өндіру» компаниясының акцияларынқұнды қағаздарды тіркеуші «Қор орталығында» тіркеген екен. Арада 11 жыл өткенде, 2011 жылы наурызда оның ұлы Нұрлан Тлеуов өзіне тиесілі акция жөнінде білмек болып, қорға жолыққанда, әкесінің акциясының Сисенбай Тулеуовке тиесілі боп кеткенін біледі. Ал Сисенбай  ТУЛЕУОВ өз акцияларын  анықтап алу мақсатында сотқа арызданады. Әкесінен мұрагерлікке қалған акцияны алу мақсатында Сағал Тлеуовтың ұлы Нұрлан да қуына бастайды. Бірақ 224 акцияның кімге тиесілі екенін анықтап беру жөніндегі алғашқы Жылыой аудандық сотында Сисенбай Тулеуовтың арызы қанағаттандырылып, оның жеке бас куәлігіндегі нөмірі, фамилиясы сәйкес келмесе де, акцияның оған тиісті екені жөнінде шешім шығады. Сисенбай Тулеуов бұл кезде акцияны 1 млн. 200 мың теңгеге сатып жібереді.

 

ЖАУАПКЕР - СУДЬЯ

- «Қор орталығынан» алынған реестрде менің әкемнің жеке бас куәлігіндегі нөмір С. Тулеуовтың құжатындағы нөмірмен сәйкес келмейді. Сисенбай Тулеуовтың талап-арызы бойынша 2011 жылдың қаңтар айында өткен сот отырысында судья мұны ескермеді. Менің әкем ұзақ жылдар бойы «Құлсарымұнайгаз» басқармасында кран жүргізушісі болып жұмыс жасаған.Бұл акцияларға әкем өзі адал еңбегімен қол жеткізген,- дейді Нұрлан Тлеуов.

Ұзақ сандалыстан кейін акцияның Нұрлан Тлеуовке тиесілі екендігі жөнінде 2012 жылғы 23 ақпанда Жылыой аудандық сотының шешімі шықты.

Бірақ, акция сатылып кеткендіктен, Нұрлан енді Жоғарғы сотқа шағымданып, Қор орталығы мен Сисенбай Тулеуовтың пайдасына шешім шығарған судьямен соттасуға бел буып отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 сәуір 2012, 19:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.