Атырау, 4 қазан 06:54
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

ТАЗА СУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

2 284 просмотра

Автокөлік жуатын орын және темір бетон бұйымдарын шығаратын зауыт иелері тағы да қиын жағдайға тап болды – оларға техникалық мақсат үшін тазартылған суды қолдануға тыйым салынды.

Біздің газетімізбұл тақырыпқа орайбірнеше рет қалам тербеген болатын. Бұл оқиға өткен жылдың қаңтарында басталды. Дәл сол уақытта билік пен өкілетті органдар арасындағы жасалған меморандумның кезекті мерзімі біткен болатын. Істің мәні Атырауда техникалық судың арнаулы желісінің жоқтығына байланысты еді. Ал, биліктегілер бірнеше жылдан бері моратория уақытын проблеманы шешу және жаңа станса мен техникалық су үшін су құбырлары желісінің құрылысын бастау үшін қолданбай, тек келісім мерзімін ұзартумен ғана шектеліп келеді. 2011 жылы қол қойылған кезекті меморандум  мерзімі тек 2014 жылы ғана аяқталуы тиіс.

-Атырау аумағында техникалық сумен жабдықтаудың  су құбыры желісінің болмауына байланысты бізге автокөлік жуатын орындар мен темір бетон зауытына ауыз суды 2014 жылға дейін қолдануға рұқсат беруге ұсыныс жасалған болатын, -деп  әңгімелейді Ауылшаруашылық министрлігінің су ресурстары жөніндегі Комитетінің су ресурстарын қорғау және қолдануды реттеу жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы Бисен ҚУАНОВ. – Алайда, Атырау облысының табиғат қорғау прокуратурасы наразылық ұйғарымын шығарды, ал  біз қазір өз берген рұқсатымызға қайтадан шектеу қойып отырмыз. Менің ойымша, біздің бұл шешіміміз дұрыс. Нан және сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындар ауыз суды ешқандай рұқсатсыз қолдана алады. Бірақ, автокөлік жуатын және бетон бұйымдарын шығаратын зауыт иелері өз қажеттіліктері үшін техникалық суды қолдануға міндетті.

 «АЖ» редакциясы қалалық әкімдікке бұл проблеманың нақты шешімі және Атырауда техникалық сумен жабдықтау желісінің құрылысына байланысты қандай шаралар алынатындығын білу үшін сауал жолдады. Қала әкімінің орынбасары Амантай АЙТБАЕВТЫҢ жауабын бізге көп уақыт күтуге тура келді. Өйткені, алдымен ол сауалды ТКШ бөліміне, одан кейін «Атырау су Арнасына», содан кейін қайтадан әкімдікке жолдаған. Алайда, келген жауап біздің үмітімізді ақтамады. «Қала әкімінің аппараты техникалық судың арнайы желісінің құрылысы және оны пайдалануға енгізу мәселесін қарайтын болады». Нақты мерзімдер, не ұсыныстар көрсетілмеген, енді біздің жергілікті бизнесмендерімізге не істеу керек?

Әрине, кәсіпкерлерді мұндай шұбалаң жауаптың қанағаттандырмайтыны анық, олар өз жұмыстарын үрей мен тәуекелге бел буып жалғастыруда: көшеде жер құрғап, клиенттер көліктерін жууға белсене кірісті, көліктерді алдын-ала жазылсаңыз ғана жуа аласыз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 сәуір 2012, 20:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.