Атырау, 24 қараша 06:53
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тәулікке – 1,3 памперс

1 420 просмотра

Шенеуніктер тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектер ағзаның табиғи мұқтаждықтарын аз мөлшерде өтеуге: жылына 12 мәртеден асырмай қуықтары пен ішектерін босатулары тиіс деп ұйғарыпты. Ал одан көп қаласаңдар, өздерің шешіңдер дегенге саяды.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ақпараты бойынша, «Мүгедектердi оңалтудың кейбір мәселелерi туралы» қисынсыз қаулы тек қала шеңберінде тұратын 800-ден астам мүгедекті қамтиды. Бұл адамдарға қарапайым өмір сүру үшін: тамақтандыру, жуындыру, жастығын дұрыстау... үшін бөгде адамдардың көмегі қатты қажет.

Анықталғандай, мемлекет есебі бойынша, бір адамға арналған гигиеналық құралдар мөлшері жылына 480 памперс (тәулігіне 1,3 памперс), 12 несеп қабылдағыш және осындай мөлшерде үлкен әжет қабылдағыш құрайды деп белгілепті.

Осынау цифрларды қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВ та растады. Біздің сауалымызға берген жауабында ол бар болғаны «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңын басшылыққа алып отырғанын жазыпты.

Осынау қызықты цифрлардан кейін қозғалуға мұқтаж жандар үшін нені басшылыққа алып, осындай тұжырымға келгенін түсіну үшін медициналық-әлеуметтік комиссия сарапшыларының көздеріне тіке қарағың-ақ келіп кетеді екен.

Анастасия ПАСТУХОВА

4 сәуір 2012, 19:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.