Атырау, 5 қазан 10:43
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Ерлерге арналған екі күн

2 330 просмотра

9-10 сәуірде  Атырау облыстық ауруханасында ерлердің денсаулық күні өтеді.

Атырауда арнайы түрде кеңес өткізу үшін Алматыдан Б.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығының бір топ дәрігерлері келмекші: ҚР бас уролог-дәрігері, профессор М. АЛШЫНБАЕВ, уролог-андролог профессор Т. ХҰСАЙЫНОВ, эндокринолог, профессор М. ЗЕЛЬЦЕР, кардиолог, профессор Д. ПОЛИМБЕТОВ, балалар урологі, медицина ғылымдарының кандидаты К. ҚАБДОЛДИН.

- Ер адамдарды, оның ішінде жасөспірім және балаларды қабылдау облыстық аурухана базасында жүргізілетін болады. Ересектерге (18 жастан жоғары) күні бұрын мына анализдерді тапсыруға тура келеді: ПСА (простатоспецификалық антиген),тестостерон, простатиттің УЗИ қорытындысы. Бұл анализдер  алғашқы 100 пациент үшін тегін жасалатын болады. Алматыдан келген дәрігерлердің кеңесі тегін, - дейді облыстық аурухананың урология бөлімінің меңгерушісі Амантай ХАРЕСОВ.-Қабылдауға 28-10-01 телефоны бойынша жазылуға болады. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 сәуір 2012, 19:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.