Атырау, 24 қараша 06:36
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кәсіпкер құқы қорғалды

1 833 просмотра

Облыс прокуратурасы бақылау органдарының кәсіпкерлерді қаншалықты жиі тексеріп отыратындығын тағы да бақылауға алды. Нәтижесінде, 125 заң бұзушылық анықталып, заң бұзушылықты жою туралы 16 ұйғарым шығарылды және 90-нан аса кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Айталық, метрология және техникалық реттеу жөніндегі комитет департаменті «Старстрой» ААҚ АФ жыл сайынғы тексеруге жататын тәуекелділік дәрежесі жоғары  нысан ретінде 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында тексеру жоспарына енгізіп қойды. Жаңа шарттар бойынша «Старстрой» тәуекелділік дәрежесі орта нысандарға жатады және сол себепті бес жылда бір рет тексеріледі. Мұндай заң бұзушылықтар тексеру жоспарына «Филиппова» ЖК, «Фирма Сапа сервис» ЖШС, «Рамстор Казахстан» ЖШС,  «Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС және   «ТД Казахский свет» ЖШС АФ енгізілу барысында белгілі болды.

Құпия шағымдар бойынша қалалық СЭС «Лидер-Сұлу» супермаркетіне тексеру жүргізді. Ал, медицина және фармацевтік қызмет саласын тексеру комитеті департаменті керісінше, өзінің тексеру жоспарына медициналық қызмет көрсетумен айналысатын 10 кәсіпкерлік субъектісіне тексеру жүргізуді енгізбеген болып шықты. Кінәлілер жазаланды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 сәуір 2012, 19:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.