Атырау, 11 желтоқсан 20:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Құпия карталар: көруге болмайды!

1 975 просмотра

Қалалық әкімдікте халыққа көрсетілетін қызмет сапасы жөнінде кеңес болып өтті.

Қала әкімі аппаратының жетекшісі Ермек ДАЛАБАЕВТЫҢ айтуынша, өткен жылы халық үшін 4 мыңнан астам құжат кешігіп дайындалған. Ал биылғы жылдан бастап 321 құжаттың мерзімі өткен, оның 277-сі қалалық жер қатынастары бөліміне, 20-сы – қалалық жұмыспен қамту бөліміне, 15-і – қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне және 9-ы – білім беру бөліміне тиесілі.

Жер мәселесіне қатысты неліктен кешігу көп?

«Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» МК бастығы Қамбар ТЕМІРОВ пен облыстық халыққа қызмет көрсету орталығының бастығы Қайрат ҚОНЫС мұның әділ себептен орын алып жатқанын айтты. Біріншіден, өткен жылдың мамырынан бастап жер ресурстарын басқару агенттігінің стандарттары өзгерді. Енді құжаттар 10 күн ішінде емес, 6 жұмыс күні ішінде дайындалуы тиіс. Қызметкерлерге әзірге жаңа форматқа үйрену ауыр соғып тұр. Екіншіден, екі ведомоства сұрап отырған құжаттар пакеті бір-біріне сай келмейді. 

- Тағы бір проблема: 2009 жылға дейін берілген мемлекеттік актілерде жер бөлінісінің координаттары жоқ. Сондықтан, жаңа үлгі бойынша мемлекеттік актіні қайта рәсімдеу үшін бізге сол жерге барып, координаттарды біздің картамызға енгізу керек. Мұның бәрі көп уақыт алады, – деп ақталды Темиров.

-  Егер өздеріңіздің қолдарыңыздан келмесе, мұнымен лицензиясы бар жеке геодезиялық компаниялар айналыссын. Басқа қалаларда осылай жұмыс істейді, - деп ұсыныс жасады қала әкімі Асқар КЕРІМОВ.

-  Бізде қазір адамдар мен көліктер жеткілікті. Оның үстіне, біз басқа лицензиаттармен құпия картамызды бөлісе алмаймыз, - деді айтқанынан қайтпаған Темиров.  

Кеңестен кейін ол құжаттарды дайындауға бөлінген 6 жұмыс күні ішінде жұмыстарды реттеу туралы келісімге қол жеткізілгенін хабарлады: Халыққа қызмет көрсету орталығы құжаттарды 1 күн, жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы – 4 күн, қалалық жер қатынастары бөлімі – 1 күн ішінде дайындайтын болған. 

Электронды үкімет мәселелері жөніндегі облыс әкімінің кеңесшісі Орынбасар ЖАДЫРА кеңесте балабақшадағы кезектер тақырыбын қозғады:

– Қазір электронды-сандық қолтаңбалары бар азаматтар ҚР электронды үкіметінің сайтына балабақша орны үшін арыз бере алады. Ол жерде кешікпей осы азаматтарға олардың кезектері келгенін хабардар ету опциясы іске қосылатын болады. Жалпы, президент жолдауына сәйкес, осы жылдың аяғына қарай әлеуметтік маңыздағы мемлекеттік қызметтер 60 пайызға дейін электронды форматқа көшірілетін болады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

4 сәуір 2012, 18:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.