Атырау, 24 қараша 06:29
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Екіге" - екілік!

2 227 просмотра

Қыс басталғалы редакцияға қалалықтардан №2 маршруттағы қоғамдық автобустардың жұмысына айтылған шағымдар жиі түсіп тұрды. Қыс сол күйі өзінің аязы және күртік қарымен аяқталып та қалды, ал, шағымдар әлі де толастар емес.

 

БАРЛЫҒЫ ВОКЗАЛДА

Мен Балықшыда тұрамын, күн сайын жұмысқа соңғы аялдамадан «екінші» маршрутпен жетуге тура келеді. Алайда, бұл маршруттағы автобустар өте нашар жүреді. Балықшының соңғы аялдамасында күнде таңертең автобус күткен адамдар легін көруіңізге болады. Біз әзірге өзіміздің «екінші» маршрутымызды күтіп тұрғанда рейске 5-7 «он екінші» маршрут шығып үлгереді және соншалықты жиырмасыншы маршрутта тоқтаусыз жүріп жатады,дейді наразы болған оқырмандардың бірі. – Автобустардың дәл осындай уақыттарда неге дұрыс жүрмейтіндігін сұрасақ диспетчердің айтар жауабы да жоқ. «Екіні» күте-күте шаршаған жолаушылар ақыр соңында басқа маршруттарға немесе таксиге мініп кете береді.

«Батыс Транспорт Сим» жүргізушілерінің бірі бізге «екінің» жүру тәртібінің құпиясын ашып берді (әрине, құпия түрде):

Оның мәнісі №2 маршрут жүргізушілері өздерінің бірінші рейсін Вокзалдағы соңғы аялдамадан бастағанды жөн көреді екен. Дәл сол уақытта, яғни, таңертеңгі сағат 8-де жолаушылар жұмысқа асығады және Атырау вокзалына Ақтөбеден пойыз келеді. Өз рейстерін вокзалдан бастаған жүргізушілерге Балықшының соңғы аялдамасынан қарағанда бұл бағыттың жолаушылары көп болады.

 

МҮМКІН ЕМЕС!

Біз оқырмандардың шағымдарын «Батыс Транспорт Сим» ЖШС директорының орынбасары  Бақтыгерей  ҚҰСАЙЫНОВҚА  жолдадық.

Олай болуы мүмкін емес! – деп оның дауысы қатқыл шықты.

-«Екінші» маршрут бұл керісінше жолаушылардың  мақтауына ие маршруттардың бірі. Қыста шынында да, қатты аязда көптеген автобустар шықпай қалды. Жүргізушілердің жанар-жағар майға қатысты проблемалары да туындады. Бірақ, қазір соның бәрі орнына келді. Автобустар кестеге сәйкес, сағат 7-ден кешкі 21.00-ге дейін үздіксіз жұмыс істеуде.

- Осы маршруттағы автобус қозғалысының интервалы  қандай?

- Әрине, оған ауа-райының қолайсыздығы кедергі келтірмесе, 5-10 минуттан.

- Автобустардың жұмысын кім және қалай бақылауға алады?

- Кез-келген маршруттың екі жақтағы соңғы аялдамаларында диспетчерлер бар. Олар автобустардың қозғалыс кестесін тексеріп отырады. Барлық автобустарда, олардың саны қала бойынша жүзден асады, солардың барлығында  GPS-навигаторлар орнатылған. Біз үнемі автобустардың рейске шыққан уақытын ғана емес, автобус қозғалысының интервалын да, жылдамдығын да және аялдамаларға тоқтаған уақытын да тексеріп отырамыз. Егер қандай ма болмасын тәртіп бұзушылықтар орын алса, біздің желілік механигіміз бар, ол бірден тәртіп бұзушы жүргізушіге барады. Жүргі-зушілер өздерін бақылауға алып отырғанын біледі және олар белгіленген тәртіптерді сақтауға тырысады. 

 

GPS ҰЙҚЫҒА КЕТКЕН

Жүргізушілердің құпиясын ашып беруге бел буған «Батыс Транспорт Сим» ЖШС жүргізушісіне қайта оралайық.

-Жүргізушілер спутниктік бақылаудан қарапайым ғана тәсіл арқылы оңай құтылып кетіп отыр. Навигатордың құрылғысы бізге таныс емес. Бірақ, оның есесіне салондағы дабыл беруші  антеннаны кәдімгі алюминді фольга қағазбен орап тастайсыз. Сол себептен GPS-бақылау қосынына дабыл түспейтін болады. Тексеру барысында жедел түрде фольга қағазды алып үлгересіз, ал, навигатордың дабылды неліктен бермей қалғандығын жүргізуші қалай-солай білмейтін болып шығады. Мұндай тәсілдің арқасында жүргізуші өзіне тиімді жылдамдықпен жүре алады және аялдамаларда жолаушыларды тосып тұра да алады.

Дегенмен, жүргізушілерге өз өнертапқыштықтарын аса көп қолдана беруге болмайды. «Батыс Транспорт Сим» ЖШС басшылығы менің келу сапарыма қарай, өз автобустарына GPS- бақылауының қалай жүргізіліп отырғандығын көруді ұсынды. Әрине, мен оған бірден келісе кеттім. Алайда, GPS-бақылау диспетчері бір жерге кетіп қалған және автобустар туралы барлық шындықты айтатын 4 мониторы бар бөлме есігі жабық болды. Ақыры кілт табылып, кабинетті ашқан кезде бақылау компьютерлерінің сөндірулі тұрғандығы белгілі болды. Демек, сол тұста автобустарды ешкім бақылауға алмаған болып есептеледі.

Қоғамдық автокөлік құралдарының жұмысын көрсететін жолаушылардың шағымдары болып қала береді.

Егер автобустартиісті уақытында жүрмесе және басқа да тәртіп бұзушылықтарға жол берілсе, біз бұл туралы мына сенім телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз:  49 06 02, 49 14 52 немесе 28 16 50. Біз шағымдарды тексереміз, егер олар дәлелді болатын болса, жүргізушілерді жазалайтын  боламыз,деп сендірдібізді «Батыс Транспорт Сим» ЖШС.

Тамара СУХОМЛИНОВА

4 сәуір 2012, 18:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.