Наурыздың 29-да жол полицейлері мен көлік компанияларының өкілдері бас қосқан кездесуде жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі туралы мәселе қозғалды.
Жол полициясы басқармасының жол-техникалық инспекциясы бөлімі-нің бастығы Мұхтар ӘЗІМОВТІҢ (суретте)айтуынша, егер 2000 жылы облыста 40 мың машина тіркелсе, 2011 жылы олардың саны 83 мыңға жетті. ЖПБ бақылау-алдын-алу бөлімінің бастығы Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, барлық жол-көлік оқиғаларының 60%-ы жаяу жүргіншілердің кінәсінен және солардың қатысуымен орын алып отыр. «Жаяу жүргінші» жедел алдын-алу шарасының бірінші күні-ақ жол полицейлері жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілерге қатысты 210 хаттама толтырған.
Жол инспекторлары жолаушылар көлігі компанияларының басшылығын сынға алды, олардың пікірінше, автобус жүргізушілерінің тәртібін бақылау дұрыс қолға алынбаған. М.Әзімов міндетті түрде автобустардағы «Рахмет!», «Даже не пытайся!» деген жазуларды алып тастауды талап етті. Оның пікірінше, бұл жазулар жүргізушілерді жол қозғалысынан алаңдатады екен. Тасымалдаушылар атынан шығып сөйлеген «Батыс Транспорт СИМ» ЖШС инженері Муса БӨЛЕЕВ автобус паркіндегі кадрлардың көптеп кетуіне қынжылыс білдіре отырып, полицейлердің ескертпелерімен келісті.
М.Әзімовтің айтуынша, Атырауда тағы да қосымша шамамен 2 мыңдай жол белгілерін, 50 жасанды жол кедергісі және 21 бағдаршам орнату қажет.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ,
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ