Атырау, 24 қараша 07:02
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бағдаршамды депутаттар «қондырады»

1 989 просмотра

2011 жылы Атырау облысында 1800-ден аса жол-көлік оқиғалары тіркеліп, соның салдарынан 100 адам көз жұмып, 256 адам жарақат алды.

Облыс орталығында әуежай тасжолы және Лесхоз бен Жеті қазына мөлтек аудандарын қосатын қосалқы жолдың қиылысы үнемі көлік апаты орын алатын жаман жер аталып жүр. Дәл сол жерде бір-екі күндікте үлкен жол апатында жас жігіт қайтыс болды, екіншісі ауыр жарақат алды (суретте). Бұл қиылыста аса ауыр емес ондаған апаттар жиі орын алып жатады. ЖПБ мәліметтері бойынша, 2011 жылы бұл жерде барлығы 2 жол-көлік оқиғасы орын алған.

Бұл қалайша? –деп сұрадым мен Атырау облысы бойынша жол полициясы басқармасының штаб бастығы Арман МЕҢДАЛИЕВТЕН:

– Оның мәнісі мынада, өткен жылдың 1 шілдесіне дейін есепке тек кісі өлімімен аяқталған немесе аса ауыр және орта ауырлық дәрежесіндегі ЖКО-сы ғана енгізілді,- дейді А.Меңдалиев. – Адамдар мүлдем немесе еш зақым алмаған  оқиғалар есепке алынған жоқ. Енді ол басқаша: статистикаға адамдар сәл ғана зиян шеккен апаттардың барлығы да енгізіледі. Егер, мәселен, зардап шегуші түнде ауруханаға түсіп, таңертең үйіне шығарылса да ЖКО есепке тіркеледі. 

Бағдаршам бойынша жол полициясы қызметкерлерінің қалалық әкімдіктің ТКШ бөліміне жолдаған өтінішінде әуежай қиылысына бағдаршам орнату бірінші тармақта жазылған.

– Бүгінгі таңда кем дегенде қаладағы 20 жол қиылысына бағдаршам орнатылуы тиіс, - дейді ТКШ бөлімінің бастығы Жұмабай ҚАРАҒАЕВ.  – Жол полициясының өтінішін қарап, біз оны қалалық мәслихатқа жолдадық. Енді оның тағдыры сәуір айында бюджетті қарайтын депутаттардың қолында.

…Қызықты дәйек – сол жаман жер деп аталатын жол қиылысына ірі кәсіпорын ұжымы өз әріптестерінің аяғы ауыр әйелі қайтыс болған жол апатынан кейін өз есептерінен бағдаршам орнатуға ұсыныс жасаған болатын. Бірақ, қалалық  шенеуніктер одан  өзіміз жасаймыз деп бас тартты. Менің ойымша, олардың онысы бекер болды. Ресей қалаларының бірінде жақында ғана тұрғындар өз ақшаларын жинап, сол қаржыға биліктің рұқсат етуімен тиісті жерге бағдаршам орнатқан еді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Үстіміздегі жылдың екі айының ішінде облыста 300-ден аса  ЖКО болды, 14 адам қаза тауып, 84-і жарақат алды.

4 сәуір 2012, 18:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.