Атырау, 12 желтоқсан 19:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Орындалмаған сот актілері

1 841 просмотра

Сот актілерінің 6 жыл бойына  орындалмай келгені үшін сот актілерін орындау департаментінің 2 қызметкері  тәртіптік жазаға тартылып отыр.

Бұл жайлы Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының көмекшісі Е. ИСМҰРАТОВ  хабарлады.

Е.Исмұратовтың айтуынша, тексеру қорытындысы2005 жылдан 2011 жылдар аралығында орындауға түскенімен, ұзақ уақыт бойына қозғалыссыз жатқан бірқатар фактілерді анықтаған. Мәселен, борышкерлер Н.Лифанов, Ю.Шейн және А.Жадриннан қоршаған ортаға келтірген зияны үшін өндірілуге тисті  жалпы сомасы 5 130 708  теңге 2004 жылдан бері мемлекет қоржынына түспей келеді.

- Сот орындаушысы тарапынан борышкерлердің өздеріне тіркелген мүліктерін анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізілмей, 8 жылға жуық орындалмай келген жайттар да анықталды. Ал ол заң жүзінде 2 айдан аспайтын уақытта орындалуы тиіс. Департамент басшысына жолданған ұсыныс нәтижесінде 2 лауазым иесі тәртіптік жазаға тартылды,- дейді Е.Исмұратов.

Сәния ТОЙКЕН

29 наурыз 2012, 00:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.