Атырау, 11 қазан 15:50
 ашықВ Атырау +12
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Ағайындылар түрмеге тоғытылды

2 600 просмотра

Махамбет ауданы прокурорының көмекшісі Саид АЖМУХАМЕДОВТЫҢ мәлімдеуінше, өткен жылдың қазанында қастандықпен кісі өлтірген ағайынды екі жігіт сотталып тынды.

Оқиға ағайынды Левь және Дмитрий Гуртовойларға таныстары қонаққа келуден өрбіген. Үйдегі бес адам бірігіп арақ ішкен. Ақырсында өзара жанжал туып, ағайындылардың жәбірленуші К. Л-ды соққыға жығуымен ұласады. Ауыр дене жарақатын алған жәбірленуші қайтыс болады. Ағайындылардың үстінен ҚР ҚК 103-бабы 3-бөлімі және 104-баптың 1-бөлімімен қылмыстық іс көтеріліп, жуырда аудандық сот Гуртовойларды жеті және сегіз жылға бас бостандығынан айырған үкімді жария етті.   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

29 наурыз 2012, 00:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.