Атырау, 5 қазан 14:29
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Дала бүркіті сиреп барады

4 697 просмотра

1 сәуір – Халықаралық құстар күні. Көптеген елдерде бұл  күнге орай  Жыл құсы таңдалады. Қазақстанда 2012 жылы жыл  құсы болып – дала бүркіті таңдап алынды.

– Біздің облысымыздың аумағында дала бүркіті осы құстың ұя салатын әдеттегі түрі болып табылады,- дейді «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғат резерватының  орнитологі, ғылыми қызметкер Сергей УХОВ. –Оны дала аспанынан  жиі көруге болады, ол кемірушілер көп жиналған жерге жақын ұшып жүреді. Оның ірі көлемі мен бекзаттық түріне қарамастан дала бүркітінің көбеюі ол мекен ететін  барлық жерлерде де жылдан жылға азайып келеді. Оған бірден-бір себеп жоғары вольтты электр тарату желілері. Дала бүркіті Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген және мемлекеттің қорғауында. 

Каспийдің солтүстік –шығыс  жағалауы арқылы жыл сайын 5-6 млн үйрек, 500 мың қаз, 100 мың аққу, 35 мың қоқиқаз және 10 млн балшықшы құс ұшып келеді. Биылғы жылғы көктем суық, бәлкім бұл қанатты келімсектердің негізгі бөлігінің кешігіп ұшып келуіне себеп болуы мүмкін.

Зульфия ИСКАЛИЕВА,

сурет  авторы А. Ивасенко

29 наурыз 2012, 00:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.