Атырау, 8 маусым 17:05
 ашықВ Атырау +22
$ 446.65
€ 477.65
₽ 5.49

Сапасыз сылақ сыннан өтпеді

2 947 просмотра

24 наурызға қараған түні соққан күшті жел Сарыарқа ықшамауданындағы №39 үйдің қасбетінің пенопластпен қапталған қабатын жұлып тастады.

– Бұл түнгі сағат 3-терде орын алды. Біз болған оқиға туралы төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке хабарладық, бірақ оның қызметкерлері мұндай ауа-райында ештеңе жасай алмайтындығын айтып отыр. Әзірге ол жер  лентамен қоршалған және оны өзіміз қарауылдап отырмыз, - дейді үй басқарушысы Дүйсенғали ӨТЕПБАЕВ.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің кезекшісі Азамат ИМАНҒАЛИЕВ адамдардың өмірі үшін ешқандай қауіп жоқ деп сендірді.

– Құтқарушылар тобы ол үйді тексеріп шықты. Жағдай қауіпсіз, -деді ол.

Бұл бірінші оқиға емес. Мәселен, осыдан бірнеше жыл бұрын Сәтбаев даңғылындағы №39 және №41 үйлердің («Тамаша» сауда-ойын-сауық орталығының артындағы «аяқты» үйлер) осындай қабатын күшті жел қасбетінен жұлып тастаған болатын. Әлбетте, мұның себебі - құрылысшылардың қасбеттік жұмыстарды сапасыз орындағандығында жатыр.

 

 

Сәния ТОЙКЕН,

Суретті түсірген автор

29 наурыз 2012, 00:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.