Қалалық шаруашылық бөліміндегі кадрлық алмастырулар жалғасуда.
Бейресми дереккөздерден белгілі болғандай, қалалық сәулет бөлімі мен Су арнасының бұрынғы басшыларының ізін ала бірнеше жыл бойына Атырау қаласының «қоқыс шаруашылығын» тұрақты басқарып келген «Арнаулы автобаза» КМК бастығы Дулат ТҰРҒАМБАЕВ отставкаға жіберілді. Дегенмен, өз қалауы бойынша жұмыстан кету туралы арызды оның өзі жазғаны белгілі. 26 наурыздан бастап «Арнаулы автобаза» КМК бастығының міндетін бұған дейін «Эко систем» ЖШС-нің директоры болған Арман ТАШЕНОВ уақытша атқаруда.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА