Атырау, 11 қазан 17:42
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Көктемгі каникул

2 533 просмотра

Жылы жел аймалап көк белді,

Алтын күн шуағын төкті енді.

Аулада күлкілер естіліп,

Басталды каникул көктемгі.

 

Басталып каникул көктемгі,

Қызықты күндер де жетті енді.

Қыздарым аулада мак ойнап,

Ұлдарым алаңда доп тепті.

 

Қызықты күндер де жетті енді,

Сағынып қалыппыз көктемді.

Волейбол, «картошка» ойнаумен,

Батырдық алқызыл кештерді.

 

Түскенде ақшам кеп жамырап,

Қызыққа толады әр шаңырақ.

Даланың өз әнін айтады,

Қорада жас төлдер маңырап.

 

Қуаныш жайлаған жер-көкті,

Әр күнің бейне бір ертек-ті...

Содан соң оқуға барамыз,

Сағынып сүйікті мектепті.

Тарас НАУРЫЗӘЛІ

28 наурыз 2012, 19:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.