Атырау, 19 сәуір 10:11
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Жылыойлықтар мектепке де, мұғалімге де мұқтаж

1 943 просмотра

Жылыойдағы №9 мектепте балалар үш ауысыммен оқиды. Жетпіс мыңға жуық халқы бар бұл аудандағы мектеп мұқтаждығы үйреншікті жайтқа айналған.

Жылыой ауданы бойынша 20 мектеп бар. Оның 80 пайызы күрделі жөндеуді жылдап көрмеген.  Биыл қаланың автожолшылар мөлтек ауданында 624 орындық жаңа мектептің құрылысы бітіп, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

- Негізі қаланың қарқындап өскен бөлігіне жаңа мектеп салу қажет, екі мектепке сұраныс облысқа жіберілді,-дейді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан ҚОНАРБАЕВ.

Жылыой ауданы білім бөлімінің бастығы Ізбасар ЕЛТЕЗЕРОВТІҢ айтуынша,  мектептерге 50 шақты мұғалім жетіспейді, әсіресе орыс сынып мұғалімдерімен қоса математика, физика, дене тәрбиесі мұғалімдері қат болып тұрған көрінеді.

 - Жыл сайын жас мамандар келгенімен мұқтаждықты шешпеуде. Тіпті, зейнет жасына жетіп, жұмыс жасап жатқандар да бар көрінеді. Оның себебі мұғалімдердің еңбекақысының аздығынан.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 наурыз 2012, 19:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.