Атырау, 28 қараша 06:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Сенімсіздік несиесі

2 047 просмотра

«Диас-2007» шағын несиелеу мекемесі» ЖШС директоры 6 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілді.

– Тергеу ісі «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ-нан азамат Ж. Е-нің Құрманғазы ауданындағы кәсіпкерлерге шағын несиелеу үшін деп 20 млн теңге несие алғандығын, содан кейін жалпы сомасы 12,6 млн теңге сомада 36 жалған келісім-шарт жасағанын анықтады. Ал ол ақшаны өзі сіңіріп, жеке мақсатына жұмсаған, - дейді Атырау облыстық сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыспен күрес департаментінің (қаржы полициясының) баспасөз хатшысы Алтынай МҰХТАРОВА.

Құрманғазы аудандық сотының үкімімен Ж. Е. ҚР Қылмыстық Кодексінің 176-бабының 3-тармағы (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету) бойынша және 193-баптың 2-тармағы (заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлiктi заңдастыру) бойынша кінәлі деп танылып, оны мүлкін тәркілеумен қатар 6 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды. Үкім әлі заңды күшіне ене қойған жоқ.

Тамара СУХОМЛИНОВА

28 наурыз 2012, 19:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.