Атырау, 5 қазан 02:53
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Джип» мінгендер жалтарып жүр

1 939 просмотра

Өткен жылы Атырау облысы бойынша салық департаменті шамамен 72 млн теңге болатын көлік салығын төлемеген  711 облыс тұрғынының үстінен сотқа материал жолдады.

Сот шешімі шығарылғаннан кейін де олардың көпшілігі қарыздарын өтеуге асығатын емес. Аталмыш сомаға әжептеуір өсім де қосылып үлгерді. Айталық, двигатель көлемі 4 000 текше сантиметрден жоғары автокөліктері бар 44 көлік иелері 17 млн теңге шамасында және оған қоса 7 млн теңгедей өсімді төлеуге тиісті. Салық қызметкерлері алақол салық төлеушілердің қарыздарын өтеуді күтпестен олардың үйлерін аралауды бастады. Жаңа қожайынына сенімхат арқылы сатылған көлік сатып алушының атына қайта рәсімделмесе іс жүзінде бұрынғы иесінің атында тіркеулі болады және салық сол бұрынғы қожайынға салынады. Тексеру барысында көбіне осындай жайттар белгілі болды. 

– Борышкерлер арасында көптеген танымал адамдар, үлкен көлемді двигательді  қымбат автокөліктері бар бизнесмендер  де бар. Үлкен көлемді двигательдерге сәйкес, сонша салық  салынады. Біздің жүргізген рейдтерімізден кейін бірнеше адам өз берешектерін төледі, -дейді өндірістік емес төлемдер мен арнайы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының бастығы Ербол ЖҰМАБЕКОВ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

28 наурыз 2012, 19:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.