Атырау, 24 қараша 05:31
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қаза болғандарға арналған гүл шоқтары

2 729 просмотра

24 наурызда Атырауда Жеңіс саябағында қоғамдық ұйымның бірнеше белсенділері саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне 2011 жылдың 16-17 желтоқсанында Жаңаөзен және Шетпеде қаза болғандарды еске алу мақсатында гүл шоқтарын қоюға келді.

Сол уақытта саябақта сағат 11-де мектеп оқушылары арасында кір тасын көтеруден (Мәңгілік алау жанында) жарыс болды. Ал, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткіші маңында бірнеше ер бала ұстаздарының қадағалауымен қаруды бұзып, қайта жинап жатты. Үкіметтік емес ұйымның төрт мүшесі (3 әйел адам, бір ер адам) қолдарындағы гүлдерімен ескерткішке қарай жақындаған кезде, олардың жолын штаттық киімдегі белгісіз төрт ер адам бөгеді. «Онда баруға болмайды!» - деді олар қатқыл үнмен және гүл шоқтарын лақтырып тастаймыз деп қорқытты. Белгісіз төртеу өздерінің кім екендерін айтудан бас тартып, оларды қоршауға қарай итермелей бастады. Сол тұста шамалы тартыс басталып, «Аялы орта» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Серік ӨТЕПҚАЛИЕВ (төмендегі суретте) жұлқынып шығып, гүл шоғын ескерткішке қойып үлгерді. Оның артынша, «Заман» қоғамдық ұйымының жетекшісі Әсел НҰРҒАЗИЕВА да ебін тауып сытылып шықты. Ақырында  жұлмалары шыққан белсенділер өз гүлдерін тиісті орынға қойып, Жаңаөзенде қаза тапқандарға бағыштап құран оқыту үшін «Иманғали» мешітіне бағыт алды. Оған шамамен 30-дай адам қатысты.

Ескерткіш маңындағы адамдардың кім екендігі және олардың кімнің бұйрығы бойынша әрекет қылғандары  сол жұмбақ күйінде қалды.

Сәния ТОЙКЕН

Суретті түсірген автор  

28 наурыз 2012, 18:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.