«Ақ Жайық» газетінің тілшісі А. Сапароваға дөрекілікпен күш қолдануына және кәсіби қызметін орындауға кедергі келтіруіне байланысты газет редакциясы оқиға болған жерден бой тасалаған азамат туралы ақпарат ұсыну жөнінде өтініш жасайды. Оның есімі ҒАЗИЗ екені белгілі, ықтимал мекен-жайы – Шымкент қаласы, бойы шамамен 170 см., мығым денелі, қара торы, үстінде қара пальтосы мен күңгірт түсті костюмі болған.
Оның жеке басын және қайда екенін анықтауға қол ұшын берген жандарға қомақты ақшалай сыйақы төленетін болады, құпиялылыққа кепілдік беріледі. Редакция телефондары: 27-23-71, 27-02-40.