Атырау, 24 қараша 05:57
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Медведев: Семей полигоны енді қауіп төндірмейді

2 570 просмотра

СЕУЛ. 27 наурыз. -  Семейдегі бұрынғы ядролық сынақ полигоны  бұдан былай қауіп төндірмейді. Бұл туралы Ресей Президенті Дмитрий Медведев Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит өтіп жатқан Сеул қаласында мәлімдеді.

Медведевтің пікірінше, Ресей, Қазақстан және АҚШ-тың полигон бойынша өзара әрекеттестігі – өзге елдерге үлгі, деп хабарлайды ВЕСТИ.ru.

«Бүгінде барлық қауіп-қатерлер жабық, полигон мүлдем өзге сипатта жұмыс істеуде, Қазақстанға болашаққа нық қадам жасауына, бұл аумақты дамытуына болады», - деп ИТАР-ТАСС Дмитрий Медведевтің сөзінен үзінді келтіреді.  

Медведевтің сөзіне қарағанда, Сеулде өтіп хатқан Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке ұқсас халықаралық саммиттер атап айтқанда, «ынтымақтастықтың нақты үлгілерін көрсету» үшін өткізіледі. Семей полигоны бойынша ынтымақтастық дәл осындай үлгі болып табылады. Медведов АҚШ Президенті Барак Обама мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге бұрынғы кеңестік ядролық полигон жөнінде ынтымақтастық туралы мәлімдеме жасады.

Дмитрий Медведев үш ел Семей полигоны қандай қауіп төндіретінін түсіне отырып, 2004 жылы бірлескен жұмыс бастағанын еске салып өтті.   

Ресей Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бұл мәселеде табандылық танытып, белсенді әрекет еткені үшін алғыс айтты.

 Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды.

27 наурыз 2012, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.