Атырау, 24 қараша 05:28
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әжесін балконнан лақтырды

2 175 просмотра

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өз әжесін бесінші қабаттың балконынан лақтырып жіберген 36 жастағы қала тұрғынын қатаң режимдегі колонияда 11 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Бұл өткен жылдың 12 мамырында Авангардтағы бес қабатты үйлердің бірінде орын алды. Кешкісін төмендегі көршілері ұрыс-керіс болып жатқанын естіген. Бірақ олар ересек немересімен тұратын Маржан апаның «беймаза» пәтеріндегі айқай-шуға үйреніп кеткен еді. Үнемі мас болып жүретін, мінезі шатақ Айбек қарияны жиі ренжітетін. Еш жерде жұмыс істемейтін ол әжейдің зейнетақысын тартып алып, өзі сияқтылармен ішіп қояды екен. Әжей сәл ғана жазғырса, балағаттап, қолын көтеруге де қымсынбайтын көрінеді. Қарияның немересінен қорғанып, көршілерінің тасасына тығылатын кездері де жиі болып тұрады екен.

…Осындай қырсық шалған кешкі уақыттардың бірінде ол үйіне масаң күйде келеді. Әжесі аузын ашып үлгерместен, оның шашынан ұстап алып, көзіне қан толып, ұра бастайды. Келесі сәтте «мезі қылған» бейшара әйелді өзіне өзі қол жұмсаған секілді етіп көрсетіп, одан біржола құтылуды ұйғарады.

Қылмыскер қарсыласқан қарияны балконға сүйреп шығарып, оны бесінші қабаттан лақтырып жібереді. Тіпті төменге көз салмастан, жайбарақат ұйқыға кетеді.

Жылу трассасында жайрап жатқан әйелдің денесін аула тазалаушы тауып алыпты.

Оқиға орнына жеткен жедел топ қызметкерлеріне қылмыскер мүлдем басқа хикаяны баяндап береді. Әжей өлген кезде ол достарымен басқа жерде ішіп отырып, ал үйіне таңертең келіпті-мыс. Алайда оның алибиі расталмай, дәлелдерді жинақтай келе айыпталушы кінәлі деп танылды. Оның өзі кінәсін ақыры мойындаған жоқ.

Анастасия ПАСТУХОВА

21 наурыз 2012, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.