Атырау, 24 қараша 05:26
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жолы кесілген жеңгетай

1 692 просмотра

Облыста «Стоп-трафик» жедел алдын-алу шаралары басталды. Полицейлер бес күннің ішінде екі жеңгетайды анықтап, 15 жезөкшені есепке алды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, жақында-ақ, Құлсары қаласындағы қонақ үйлердің бірінен полицейлер қонақ үй тұрғындарына түнгі қызмет ұсынған әкімшіні ұстады. «Жеңгетай» тіпті, өз қыздарына жұмыстан соң демалуға жеке бөлмелер де бөліп қойған.

Атырауда сауналардың бірінде келушілерге жезөкше қызметін осы мекеменің күзетшісі ұсынған. Қыздар оған әрбір клиенттен түскен пайдадан 1 000 теңгеден беріп отырған.

Полицейлер азаматтардан мұқият болуларын және ондай жағдай орын алған кезде мына телефондарға: 25-08-95 және 98-21-33 хабарласуларын сұрайды.

Анастасия ПАСТУХОВА

21 наурыз 2012, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.