Атырау, 9 қаңтар 13:45
 ашықВ Атырау -2
$ 527.23
€ 544.05
₽ 5.05

Куәліксіз әрі мас

1 742 просмотра

Жыл басынан бері Атырауда көлік құралын құжатсыз және мас күйде жүргізген 17 жүргізуші ұсталды.

Атырау қаласы прокурорының көмекшісі Рамазан Камел хабарлағандай, бұрын көлік құралын басқару құқығынан 2 жылға айырылған азамат К. 3 наурыз күні таң ата Махамбет көшесінің бойынан өзінің ВАЗ-21100 көлігін мас күйде жүргізіп бара жатқан жерінен ұсталды.

Жүргізуші куәлігінен айырылған тағы бір жүргізуші М. 8 наурызда мас күйде қала ішінде «Ниссан» көлігін жүргізген. Екі жүргізуші де 10 тәулікке әкімшілік қамаумен жазаланды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

21 наурыз 2012, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.