16 наурыз күні Атыраудың жаңа зияткерлік-дискуссиялық клубының таныстырылымы өтті.
Клубтың алғашқы қонағы ретінде шақырылған «Қолданбалы экономика орталығының» өкілі Олжас ЕСЖАНОВ аталмыш жобаны жиналған жастардың назарына ұсынып, еліміздің экономикасын жаңғырту жолдарымен таныстырды. Клубтың жетекшісі Ержан АЛАШ басқосудың мақсаты – халықтың экономикалық сауаттылығын арттырып, зияткерлік ортаны қалыптастыру екенін айтады.
- Клуб саясатқа объективті қарайды және Қазақстандағы бірде-бір саяси субъектінің жақтаушысы саналмайды, - дейді ол.
Осындай ой-талқы басқосулары Атырауда енді апта сайын өткізілетін болады. Қатысамын деушілер үшін есік ашық.
Айнұр САПАРОВА