Атырау, 27 желтоқсан 06:27
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Тәубесіне түспеді

2 123 просмотра

Сары Ата бейітінің бұзылғаннан кейінгі көрінісі19 наурызда Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық  қылмыстық  соты халық арасында әулие аталып кеткен Сары атаның  зиратын қорлаған атышулы іс бойынша үкімін жария етті.

Естеріңізде болса, өткен жылдың 2 желтоқсанында таңертеңгілік Атырау қаласының шетіндегі Мирный поселкесіндегі зираттың маңынан сол поселкенің тұрғыны 22 жастағы Қуаныш ӨТЕҒАЛИЕВ ұсталды. Полиция келген кезде ол қолындағы балтасымен зираттардың қабырғаларын құлатып жатты. Қылмыс орнына жеткен полицейлерге Өтеғалиев егер олар жақындайтын болса, өзін-өзі жарып жіберетіндігін айтып, айқайға басты. Біраз қарсыласудан кейін оны «Арлан» арнайы бөлімше қызметкерлері қолға түсірді.

Облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Алтынгүл ИСМАҒҰЛОВАНЫҢайтуынша, айыптаушы тарап соттан айыпкерге мынадай жазалар: ҚР ҚК 275- бабының 1-тармағы (өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау) бойынша – 3 жыл бас бостандығынан айыру, ҚР ҚК 24-бабы, 3-тармағы (қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу) және 96-баптың 2-тармағы (кісі өлтіру) бойынша – 10 жыл бас бостандығынан айыру, 58-баптың 4-тармағы - қылмыстардың жиынтығы бойынша тағайындалған жазаларды ішінара немесе толық қосу жолымен белгілеп, 11 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі колонияда  өтеуді тағайындауды сұрады.

Осы қылмыстық істі қараған судья Гүлнар ХАЖЕНОВАНЫҢ айтуынша,сотталушы істеген ісіне өкінбеді және сот залындақұдайдың жалғыз екендігін, сондықтан да адамдарөз ата-бабаларының зиратына табынбаулары керек деп мәлімдеді. Қуаныш Өтеғалиевке 11 жыл бас бостандығынан айыру және  жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім шығарылды. Үкімге 15 күн мерзім ішінде облыстық сотқа  шағымдана алады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

21 наурыз 2012, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.