Атырау, 24 қараша 04:29
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бір таққа екі мәрте отырды

1 743 просмотра

20 наурызда «Атырау Су Арнасы» КМК бастығы Серік ЖҰМАШБАЕВТЫҢ орнынан алынғаны белгілі болды.

Қалалық әкімдіктегілер әзірге комментарий бермей отыр. Алайда коммуналдық қызметтің қабылдау бөліміндегілер ақпаратты растады. Сондай-ақ, «АСА»-ның жаңа бастығы осы орынды Жұмашбаевқа дейін иеленген Андрей ТАШЛЫКОВ болды, деп хабарлады.

Жаңа әкім Асқар КЕРІМОВТІҢ Жұмашбаевқа салмақты талабы бар екендігі таяуда 12 наурызда қалалық әкімдікте өткен жиналыста белгілі болған еді. Сол кезде Керімов «АСА»-ны тексеру жұмыстарының қорытындысын жария етті. Атап айтқанда, кадрлардың көп тұрақтамауына қатысты кінә тағылды.Оның үстіне 13 наурызда облыс әкімінің блогында АСА қызметкерлерінің домалақ арызы жарияланды, онда олар басқа коммуналдық қызметтермен салыстырғанда алатын жалақылары төмен екендігіне шағымданған. Оның ішінде Қылмыстық Кодекстің баптарына түсетін айыптаулар да болды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

21 наурыз 2012, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.