22 наурызда славяндар Бозторғай мерекесін тойлайды. Бұл күні жылы жақтан құстардың қырық түрі ұшып келеді, ал, оның алғашқыларын – бозторғайлар деп есептейді.
Дәстүр бойыншаБозторғай мерекесінде әдетте қанаты жайылған құс пішіндес бөлкелер пісірген. Тәттілерді балаларға таратқан, олар болса, дауыстап, жарқын күлкімен бозторғайды, онымен қоса көктемді шақырады.
Менің әжем Римма Шерстянкинаның айтқанындай, бұрын сол құс пішіндес бөлкенің ішіне шақаны, бұтақты және тастарды салып пісіріп оның бірнешеуін ерлердің алдына таңдауға ұсынған. Соның ішінен «бақытты құсты» таңдаған адамға жерге бірінші болып тұқым себу құрметі бұйырған.
Қазір православиялықтарда пост кезі. Успен соборының қызметшісі Михаил әкейдің айтуынша, бозторғайлардың шіркеуге еш қатысы жоқ, бірақ, бөлкелерді жеуге ешкім де тыйым салмайды:
- Бастысы, қамыр май мен сүтке иленбесе болғаны, - дейді ол. - Ал, шіркеу мерекелеріне келетін болсақ, 22 наурызда діндарлар «қырық азапталушыны» еске алу күнін (IV ғасырда тіл құдайларына табынудан бас тартқандары үшін азапталған 40 христиан) атап өтеді.
Анастасия ПАСТУХОВА