Атырау, 3 тамыз 20:30
 дождьВ Атырау +33.7
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94

Балық – бағалы байлығымыз

2 033 рет қаралды

Облыстық тарихи-өлке тану мұражайына жаңа қызмет түрі енгізілді, енді Атырау қаласы бойынша экскурсия  жүргізілетін болады. Өйткені, оған қалаға келушілерден сұраныс көп түседі екен. 

- Шолу экскурсия маршруты 2-2,5 сағатты алады, – дейді  мұражай қызметкері  Оксана АЛЬЖАНОВА. – Біз оның қатарына орталық көпірді, қаланың ескі бөлігіндегі сақталып қалған  бірқатар көпес үйлерін, Успен соборын, «Иманғали» орталық мешітін, католиктер шіркеуін, Исатай-Махамбет алаңын,  Дина Нұрпейісова, Құрманғазы, Жеңіс саябағын, жаяу жүргінші көпірін, Қазақстанның тарихи-сәулет ескерткіштері болып танылған Тұрғын үй қалашығында серуендеуді енгізіп отырмыз.   

– Қаланың аса әуесқой қонақтары өздерін АМӨЗ-на апаруды сұрайды. Жалпы Атырауға келушілерді балықпен байланысты ақпараттың барлығы қызықтырады: балық өнеркәсібінің тарихи, бұрынғы және қазіргі заманғы балық аулау әдістері және балықшылардың өмірі. Мұндай экскурсияларды мұражай оқушылар үшін де ұйымдастыра алады.  

Тамара СУХОМЛИНОВА

21 наурыз 2012, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.