Атырау, 7 қазан 11:14
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Смс арқылы келген екілік

2 028 просмотра

БАЙБОСЫНОВ атындағы ұлттық мектеп-гимназияға «смс-күнделік» қызметін енгізген: енді оқушыларға математикадан алған екілігі мен ата-аналар жиналысының болатындығын жасырып қалу қиынға түседі. Мектеп директоры Мұхтар ТЕЛЕУБАЕВ бұл жаңалыққа былай деп түсінік береді:

- Біз кейбір ата-аналарды айлап көрмей жатамыз, ал, енді смс-хабарлама мектепте өтетін барлық шараларды, балалардың сабақ үлгерімдері туралы хабарлайтын болады. Әрине, бұдан балаға күнделікті бақылау қатаң болады. Әрбір мұғалім сабақтан соң операторға мектептегі бір күннің мәліметтерін, яғни, оқушылардың бағаларын, сондай-ақ, басқа да ақпараттарды жолдайды, ол кейін ұялы телефон арқылы ата-аналарға беріледі. 

Хабарлама 5 және 10-шы сынып оқушыларының ата-аналары үшін жолданады. Бұл қызмет түрі екі ай тестілік режим бойынша тегін жүргізіледі, ал, кейін ақылы болады – абоненттік төлем бір айға 500 теңге. Бұл идеяны және қызметті жеке компания ұсынды. Мектеп қаржы жағынан қатыспайды, операторға еңбекақыны идея авторы төлейді. Алайда, ата-аналар бұл қызмет түрінің қажет не болмаса қажет еместігін өздері шешетін болады. 

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

21 наурыз 2012, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.